Хатыңызды бөтен біреу оқып отырған жоқ па?

Қазақстанның Негізгі заңындағы 18-бапта әрбір азаматқа жеке хат құпиясын сақтауға кепілдік берілген. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiлетіні жазылған. Мәселен, заңгерлердің түсіндіруінше, сот үкімімен қамауда отырғандардың хаты оқылуы мүмкін. Ал, одан басқа жағдайда сол кепілдікті кім, қандай жағдайда шектей алады? Адам құқығын қорғаушылар Қазақстанда мемлекеттік мекеме жеке адамның әлгіндей құпиясына қол сұғып қана қоймай, оның электронды пошта жәшігінен жазған хатының мазмұны үшін қылмыстық жауапқа тартып жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Ал, құқықтық тұрғыдан қарағанда, заң талаптарын өрескел бұзып алынған дерек негізінде адамды жауапқа тартуға бола ма? Бұл оқиға өте қауіпті жайтты аңғартып отырғандай: Оруэллдің «1984» романындағы «Үлкен ағай» секілді сізді сыртыңыздан үнемі қадағалап, кез-келген адамның хатына сұқтанып отырған бөтен көз бар. Қажет деп тапқан жағдайда мемлекет азаматтың конституциялық құқығын еш қымсынбастан бұзып, керек болса, оған қарсы жазалау шараларын қолдана алатынының куәсі боп отырмыз.

Реклама

комментариев 6

  1. Salem!

    Kutty bolsyn, birazdan kein blogynyz http://massagan.com/qazaqblogtary.php
    qataryna kosylady

  2. Salem berdik, Bakytnur!

    Rahmet!

  3. Жеке өз басым, менің жүрген тұрғанымды әлдебіреу бақылап отырғанын кейде сеземін. Ұлтыма, еліме қарсы ешқандай қастаңдығым болмағандықтан одан қауіптенбеймін. Ал егер әлдебірелер менің э поштамды қадағалап, ондағы жазбаларды маған қарсы қолданатын болса, әңгіме басқа.
    Жалпы э поштаны дамыған елдердің өздерінде де тексеріп, қадағалап отырады. Оны айналып өтетін түрлі бағдарламалар бар.

  4. Barlyq elderde e-poshtany tekseredi.

    Negizi e-poshtany arnaiy jasalgan programa arkylyg tekseru durys.

  5. бұл жерде әңгіме — сол поштаны тексеруге заңды негіз бар ма, жоқ па дегенге тіреліп тұр ғой. Яғни, егер адам қандай да бір қылмыс жасамаған немесе қылмыс жасауды ойластырмаған болса, бар болғаны — биліктегілер мен мемлекеттік органдар жайлы өзінің жеке сыни пікірін (тіпті, дөрекі тілде болса да) хатқа жазғаны үшін жауапқа тартылып жатқаны — қаншалықты заңды?

  6. Mening aitaiyn degenim bul okyigaga turaly emes edi.

    Bylai aitu kerek edi jalpy alganda e-poshtany barlyq jerde tekseriledi jane teksergen durys.

    KALAI TEKSERU KEREK?

    avtomattandyrgan system arkyly. Yagni kisi emes computer tekseredi. Sondyktan sizding privacyingiz saktalady. (100% emes)

    Al buryn kylmys istegen adamdary belgili bir zang shygaryp sol zangga karai e-poshtalaryn tekseru kerek.

    Mysaly, jengil kylmyska 3 ai, ortasha 6 ai auyr 1 jyl…t..b

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s

%d такие блоггеры, как: